Осыдан баста · 10 минут

Оқуды қой.Жаза баста.

Мұны оқып үйрену мүмкін емес. Қолыңда барына сай жолды таңда, он минут бөл, кішкентай нақты дүние жаса. Сайттағы қалғанының бәрі содан кейін түсінікті болады.

Он минут неге маңызды

Agent туралы оқу мен agent-пен жұмыс істеу — екі бөлек нәрсе. Модель сенімді түрде қате жазғанын көріп, оны өзің түзетпейінше, курстағы ескертулер жай сөз болып қала береді.

Жолыңды таңда

Орнатпай · Тегін5 мин

Браузерде

Телефонға немесе бағдарлама орната алмайтын компьютерге арналған.

Қадамдарын көрсетЖабу4
  1. Тегін ЖИ чатын ашclaude.ai, chatgpt.com немесе gemini.google.com — тегін нұсқасы жетеді.
  2. Бір толық файл сұраТөмендегі prompt-ты көшір: бір файлдық HTML ешқандай дайындықсыз ашылады.
  3. Сақта да, ашып көрКодты countdown.html деп сақта, файлды екі рет бас.
  4. Бір нәрсесін өзгертБір ғана өзгеріс сұра: басқа түс, өз күнің, нөлге жеткенде дыбыс.
Prompt-ты көшір
2027 жылдың 1 қаңтарына дейін санайтын толық, бір файлдан тұратын HTML бет жаз.

Талаптар:
- Бір файл. Барлық CSS пен JavaScript ішінде. Сыртқы кітапхана жоқ.
- Ірі, оқуға ыңғайлы сандар: күн, сағат, минут, секунд — әр секунд сайын жаңарады.
- Қараңғы фон, телефон экранында жақсы көрінеді.
- Жоғарғы жағына менің атымды қой: <атың>

Тек файл мазмұнын қайтар, басқа ештеңе жазба.

Аяқтадың деп есепте Сөзбен сипаттап, жұмыс істейтін бет жасадың. Бастапқы мағынасындағы vibe coding — осы.

Ноутбук · Нағыз нұсқа10 мин

Нағыз coding agent

Бағдарлама орната алатын ноутбукке арналған. Курстың қалғаны осы жолға сүйенеді.

Қадамдарын көрсетЖабу5
  1. Node орнатnodejs.org сайтынан LTS нұсқасын ал, сосын нұсқа нөмірі шыққанын тексер.
  2. Coding agent орнатБұл курс Claude Code қолданады. Gemini CLI тегін әрі дәл солай жұмыс істейді.
  3. Бос қалта жасаAgent-ті ешқашан бүкіл компьютеріңе жіберме — бір ғана кішкентай қалта бер.
  4. Іске қосып, нақты тапсырма берСұрауыңды қарапайым тілмен жаз да, қандай файл жасамақ екенін оқы.
  5. Не істегенін оқыӨз жұмысын түсіндіруін сұра. Таңдауын түсіндіре алатын agent-ті түзете де аласың.
terminal
$ node -v# check Node
$ npm install -g @anthropic-ai/claude-code# Claude Code
$ npm install -g @google/gemini-cli# or Gemini CLI (free)
$ mkdir countdown && cd countdown# a clean folder
$ claude# start it
Prompt-ты көшір
2026 жылдың 1 желтоқсанындағы QairuHub іс-шарасына арналған бір беттік countdown сайтын құрастыр.

- Таза HTML, CSS және JavaScript. Framework жоқ, build қадамы жоқ.
- Ірі countdown, іс-шара атауы және қысқа сипаттама.
- Қараңғы тақырып, алдымен мобильді.

Ештеңе жазбас бұрын: қандай файл жасамақ екеніңді және неге екенін айт. Мен «жарайды» дегенше күт.

Аяқтадың деп есепте Нағыз agent-ті іске қостың, жоспарын оқыдың, файл шығардың. 01-практика осы жерден жалғасады.

Бонус · Тегін5 мин

Интернетке шығар

Жоғарыдағы жолды бітірдің, енді біреуге жіберетін сілтеме керек.

Қадамдарын көрсетЖабу3
  1. Тегін хостинг ашapp.netlify.com/drop немесе pages.cloudflare.com — шағын статикалық сайтқа карта керек емес.
  2. Қалтаңды сүйреп апарАлдымен файлды index.html деп ата, сосын Netlify Drop саған URL береді.
  3. Сілтемені жіберЕнді ол ноутбугыңдағы файл емес, кез келген адам аша алатын дүние.

Аяқтадың деп есепте Сөзбен сипаттаған дүниең енді URL-де тұр. 12-модуль оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Бірдеңе дұрыс болмаса

Берген коды жұмыс істемейді.

Бұл сәтсіздік емес, қалыпты жағдай. Қатенің дәл мәтінін және не күткеніңді жазып жібер — пайдалысы сол толық мәтін, өз сөзіңмен айтқаның емес.

Сұрағаным емес, басқа нәрсе жасап жатыр.

Түсінбей жатқан жоқ, сұрауың толық емес. Ойыңда бар, бірақ жазбаған шартты қос. 07-модуль түгелдей осы туралы.

Ештеңеге төлей алмаймын.

Gemini CLI тегін, ал браузер жолына мүлде ештеңе керек емес. Құралдар бетінде әр тегін нұсқа мен оның шектеуі жазылған.

Команда жүргізуді сұрады. Қауіпсіз бе?

Алдымен команданы оқы. Бірдеңе жойса, күштеп push жасаса, тест қалтаңнан тыс жерге тисе — жоқ де. 11-модуль осы ереженің толық нұсқасы.